Перейти к содержимому страницы.

ПРАКТИКАДАН ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

11.02.2021

Қаңтардың 18-і мен 29-ы аралығында қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері «Оқу» (танысу) практикасынан өтті. Практика базасы ретінде қаланың Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы, Қалижан Бекхожин атындағы ЖББОМ, №2 ЖББОМ, №7 ЖББОМ, №17 ЖББОМ, №19 ЖББОМ алынды.
Практиканың мақсаты – болашақ мамандарды мектеп ұжымымен, оқу үрдісімен таныстыру, сондай-ақ сабақтарға тыңдарман ретінде қатыса отырып, пән мұғалімінің бір сабағын және тәрбие сабағын талдау. Биылғы практиканың онлайн түрде өтуіне қарамастан тәлімгерлер өздерін жақсы қырынан танытып, мұғалімдерден тарапынан жақсы бағаланды. Студенттер практика барысында жүргізген жұмыстарының нәтижесін презентацияға түсіріп, қорғады.
№17 жалпы орта білім беру мектебі директорының орынбасары Ниязбекова Гульмира Мухаметхановна, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, практика жетекшісі Шалхар Әлімжан 5-ақпанда ZOOM платформасы арқылы өткен қорытынды коференцияға қатысып, практика туралы ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті.
kaztil
kaztil2
kazti3
kaztil4