Практика және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түлектермен кездесулер
02.11.2021
Павлодар педагогикалық университетінде практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің ұйымдастыруымен 18-27 қазан аралығында университет бітірушілерін жұмысқа орналастырудың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды. Практика және жұмысқа орналастыру бөлімі педагогикалық бағыт бойынша бітіретін жоғары білікті мамандар туралы ақпараттарды ұсына отырып, өңірде жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуде университет түлектерін қамтуға көмектесу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында кездесу өткізді.
Кездесу барысында университет түлектерін практикаға кейіннен жұмысқа орналасумен жіберу, сондай-ақ біздің өңірде "Серпін" жобасы бойынша білім алушыларды одан әрі жұмысқа орналастыру тиімділігін арттыру тақырыптары көтерілді.
Түлектер «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағына енгізілген өзгерістермен және мемлекеттік грантты өтеу жөніндегі басқа да міндеттермен таныстырылды.
"Біздің міндетіміз – осындай кездесулер арқылы бітірушілерге жұмысқа орналасуларына қолдау көрсету",- дейді бөлім басшысы Байтанаева Майра Амангазықызы