Перейти к содержимому страницы.

ППУ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

17.11.2022

Павлодар педагогикалық университетінің ДШжС -26 тобының студенті Камила Аймұқашева осы күндері Гвадалахарада өтіп жатқан таэквондодан әлем чемпионатында 5 орынды жеңіп алды.

Камила Аймұқашева 57 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан өнер көрсетті. Жарысқа әлемнің ең мықты спортшылары қатысты: қытайлық Зонгши Лао, Токионың алтын жүлдегері АҚШ-тан Анастасия Золотик және британдық екі дүркін Олимпиада чемпионы Джейд Джонс.

Таэквондодан жаттықтырушы Дмитрий Смородиннің айтуынша, Әлем чемпионатының бағдарламасына 8 олимпиадалық салмақ дәрежесінің 6-ы енгізілген.Сонымен бірге, әрқайсысында керемет бәсекелестік болды.

Камила алғашқы жекпе-жегін вьетнамдық спортшымен өткізді.

Екінші жекпе-жегінде Камила мексикалықты тамаша жеңіске жетіп, үшінші жекпе-жегін испаниялыққа қарсы сенімді түрде өткізіп, жартылай финалға шығу үшін Лондондағы және Рио-де-Жанейродағы Олимпиада чемпионы, ұлыбританиялық Джейд Джонспен жұдырықтасты. Камила мұндай жоғары әлемдік деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып жатса да, лайықты 5-орынға ие болды.

– Залға әлемдік таэквондо жұлдыздары кіргенде, бұл Камилаға психологиялық қысым жасай ма деп қорықтым. Жекпе-жек алдында мен оны оңай болмайды, жеңу үшін олардан екі есе жоғары болу керек деп дайындадым. Барлық сынна ол керемет өтті. Жарыстар 5 даянда өтті, әр даянда керемет жекпе-жектер болды, қайда қарауды білмейсің – тек қана жұлдыздар, – деді Дмитрий Смородин.

Біз Камиланы, оның жаттықтырушылары мен ұстаздарын әлем чемпионатындағы тамаша өнерлерімен құттықтаймыз және әлемдік спорт аренасында алдағы уақытта да жетістіктер тілейміз!