ППУ СПОРТШЫСЫ ПАРАЖҮЗУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
11.05.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Станислав Мочалкин Сингапурда өткен Паралимпиадалық жүзуден әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
Паралимпиадалық жүзуден S10 санатында Станислав Мочалкин 50 метрге еркін жүзуде үздік нәтиже көрсетіп, I орынға ие болды. Сондай-ақ 200 метрге аралас жүзуде 4-орынға ие болды. 100 метрге еркін жүзуден 4 орынды қанжығасына байлады. Ерлер арасында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 4-орынға ие болды. Әлемнің ең мықты спортшылары арасында осыншама жетістікке жетуі Станиславтың жеңіске деген жігерін көрсетеді.
Бүкіләлемдік парада жүзу сериясы - элиталық паралимпиадашыларға арналған беделді халықаралық жарыс. 2023 жылғы Дүниежүзілік серия 4 континенттегі 9 елде өтеді және Сингапур мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы спорт кеңесі (SDSC) ұйымдастырған жалғыз азиялық аялдама болды.
Спортшыны жүзуден жоғары білікті жаттықтырушы, оқытушы Айгужинова Гүлмира Зейнуллақызы дайындайды. Спортшы мен оның бапкерін Әлем чемпионатындағы тамаша өнерімен құттықтаймыз. Әлемдік аренада алдағы уақытта да спорттық жеңістер тілейміз!