ППУ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ «ҚАЗАҚША-ОРЫСША-АҒЫЛШЫНША ТІЛАШАР» ЕҢБЕГІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
04.04.2023
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті әкімшілік департаменті құжат айналымы және бақылау бөлімінің мемлекеттік тіл жөніндегі маманы Ерболат Асылбековтың «Қазақша-орысша-ағылшынша тілашар» атты еңбегінің электронды нұсқасы жарық көрді. Электронды кітап ҚР Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңына, Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және тағы да басқа нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік тілді оқыту бойынша үздік оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу мен олардың электронды нұсқасын шығару аясында жарық көрді.
Тілашар – тіл үйрету мақсатында қолданылатын белгілі бір лексикалық мазмұнды қамтитын балаларға, ересектерге, туристерге және т.б. арналған екі, үш, көптілді құрал болып табылады.
«Сәлемдесу», «Көлік», «Қызмет көрсету саласы», «Көрікті жерлер» атты тақырыптық бөлімдерден тұрады. Онда шет тілінде де, қолданушы тілінде де жиі қолданылатын сөз тіркестері келтірілген. Демалыс орындары мен туристік агенттіктерге қолдану мақсатында ұсынуға болады.
Тілашардың негізгі мақсаты өзге елден келушіге туристік аймақта бағдарлануға және жергілікті тұрғындармен қарапайым тіл табысуға жәрдемдесу болып табылады.