ППУ КОМАНДАСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН АЙМАҚТЫҚ СТУДЕНТТЕР ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!
28.11.2022
Павлодарда волейболдан ұлдар мен қыздар арасында Шығыс дивизионының студенттік лигасы өтті. Жарысқа Павлодар, Семей және Өскемен қалалары жоғары оқу орындарынан келген 10 команда қатысты.
Тартысты өткен ойындардың нәтижесінде Павлодар педагогикалық университетінің ұлдар мен қыздар командалары шебер ойын көрсетіп, турнирде көш бастады. Қыздар командасының құрамында Жапбасова Айгүл, Қалидоллақызы Сания, Бейсембаева Алина, Фот Лилия, Румак Венера, Курганова Самал, Сермаханова Перизат, Нұрлан Мерей, Хлебнова Кристина, Әбдікәрім Нұрерке және Жеңісбек Аяулым сынды студенттер ойнады. Ал ұлдар командасын Бекмұрзинов Әнуар, Секен Алдияр, Жолтайсайханұлы Айзат, Қайырханов Саят, Кәкімов Дамир, Маурер Роман, Мыңтай Нұртілек, Рахымтай Есен, Жомартов Мерхат, Хобдабай Нұрпейіс, Қарпаев Әмір және Хуспан Дидар сынды спортшылар құрады.
Жаттықтырушылар құрамында Казезов Думан, Тілеубай Алмаз, Сексенов Василий қызмет етті. Көктемде волейболдан Студенттер лигасының финалдық ойындары өтеді, онда біздің командалар Қазақстанның жоғары оқу орындарының мықты командаларымен кездеседі.
Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!