ППУ ҒАЛЫМДАРЫ РОБОТОТЕХНИКАДАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫН ӘЗІРЛЕУДЕ
01.02.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде орта мектеп бағдарламасына арналған робототехникадан оқу-әдістемелік құралын әзірленуде. Оқулықты жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен мектеп мұғалімдері бірлесіп құрастырып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде 5-9 сыныптарға сабақ өткізетін мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралы және оқушыға арналған жұмыс дәптері шығарылады.
- Бұл құралдың оқушыға да мұғалімге де пайдасы зор. Себебі, барлық тапсырмалар арнайы әдістеме бойынша әзірленді. Оқулықта мұғалімдер үшін дайын сабақтар берілген. Ал оқушыға арналған жұмыс дәптерінде арнайы тапсырмалар бар, - дейді ППУ жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, PhD докторы Қымбатша Мұхамедиева. Оның сөзінше, осы жобаны жүзеге асыру аясында орта мектеп мұғалімдері үшін робототехникадан оқу-әдістемелік құрал әзірлеу бойынша әдіснамалық семинар (офлайн форматта) өткізілуде. Семинар аясында оқу-әдістемелік құрал әзірлеуге арналған тәжірибеге бағдарланған сессиялар өткізілді. Бұл жұмыстар "Жаппай ашық онлайн-курстарды қолдану арқылы STEM-білім берудің әмбебап педагогін даярлау" жобасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын еске саламыз.
Оқулықтарды құрастыру прецесіне жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, PhD докторы Қ.М.Мұхамедиева, жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің оқытушы-сарапшысылары Г.Ш.Нұрғазинова, И.Ш.Әбшева, А.И.Қисабекова, "Информатика" білім беру бағдарламасының жетекшісі Р.А.Ельтиновалар қатысуда. Сонымен қатар, Железин ауданының № 2 орта мектебінен, Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған №8 мектеп лицейінен, Павлодар қаласындағы Гимназиялық сыныптары бар инновациялық үлгідегі №39 орта мектебінен, №21 орта білім беру мектебінен, Успен ауданы Галицкое ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінен білікті мұғалімдер келіп қатысуда.