ППУ-ДА ӘУЕЗОВКЕ АРНАЛҒАН АЙТЫС ӨТТІ
28.09.2022
Бүгін қазақтың көрнекті жазушысы М.Әуезовтің дүниеге келгеніне125 жыл толды. Қаламгердің атаулы мерейлі датасына орай Павлодар педагогикалық университеті студенттері арасында “Әлемге әйгілі Әуезов” атты жекпе-жек айтысы өтті. Айтыстың әділ төрелігін филология ғылымдарының докторы, профессор - Сүтжанов Сейфитден Назымбекұлы, баспасөз қызметінің басшысы - Зұлқарнай Ермұрат және айтыскер ақын Мизан Жұмәлі берді. Сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент - Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы “М.Әуезовтің қаламгерлік бейнесі” тақырыбында сөз сөйлеп, жазушының шығармашылығына талдау жасады.
- Мұхтар Әуезов 1973 жылы Ташкентте шығатын «Шолпан» журналына «Ғылым тілі» деген мақала жазған. Сонда қазақ тілінде ғылыми стиль бар ма деген сауал тастайды. Сол мақаладан кейін Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты терминдерді қазақшалайды. Яғни, қазақ тілінің бір жүйеге келуіне Мұхтар Әуезовтың де қосқан үлесі зор. Әуезовтың алғашқы мақалалары абайтанудан басталады. Алғашқы мақаласының тақырыбы «Абайдың өмірі һәм қызметі» деп аталады. Оны Семейде шығатын «Абай» журналына жариялады. Міне жазушының Абайды зерттеуі осылай басталды,-деді Әділбек Дәуітбекұлы.
Сөз өнеріне жақын шығармашыл студенттердің басын қосқан айтыс жоғары деңгейде өтіп, көптеген маңызды мәселелер көтерілді.
Жыр додасына қатысқан айтыскерлер арасынан Қайдаров Бексұлтан бас жүлдені қанжығасына байлады.
1 орын - Дәуренбекұлы Рамазанға,
2 орын - Тәуекелов Нұрсерікке,
3 орын - Имантай Мағзұмға берілді.
Жүлделеріңіз құтты болсын ақындар!