ППУ АКРОБРАТТАРЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАР АЛДЫ!
29.09.2022
24-27 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында спорттық акробатикадан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен XII Азия чемпионатында Өнер және спорт мектебінің студенттері жүлделі орындарға ие болды.
Жарысқа Гонконг, Үндістан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қазақстаннан 13 пен 19 жас аралығындағы спорттық жұптар қатысты. Барлығы 150-ге жуық спортшы болды.
Чемпионаттың қорытынды нәтижесі 3 негізгі акробатикалық жаттығулардан тұрды: тепе-теңдік (статика, қозғалыстарды бекіту, тұрақтылық), вольтиж (секіру, лақтыру, айналу, қону) және аралас (тепе-теңдік + секіру).
Жарыс қорытындысы бойынша Муравкина Валериямен жұптанған Анжелика Бобошко I-орынға ие болды. Карина Чубченко мен Дмитрий Федькович ІІ орынды иеленді.
Аяжан Ещанова Адина Марат пен Яна Раушпен триода III-орынға ие болды.
Айта кету керек, бірінші статикалық жаттығу кезінде олар Қазақстанда бірінші болып «драйка» атты жаңа элементін орындады.
Руслан Әубәкіров Злата Богуновамен аралас жұпта III-орынға ие болды.
Студенттерді спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушылар Светлана Аубакирова, Татьяна Коваленко және Елена Гмызун жаттықтыруда.
«Менің ойымша, мұндай жарыстар біздің оқушыларды ақыл-ойы мен физикалық тұрғыда бірігуіне, сондай-ақ шет елдерден тәжірибе жинақтауға үйретеді, біздің Қазақстан күшті, бірақ біз биік белестерді бағындыруға әлі тырысамыз», - дейді бірнеше халықаралық жарыстарға жүлдегерлерді тәрбиелеген жаттықтырушы Елена Гмызун.
Ұстаздардың айтуынша, спортшыларға босаңсуға болмайды, олар бұдан да көп жұмыс істеп, келесі жарысқа дайындалуы керек. Ал келесі старт 16 қазанда Ташкентте, ол жерде акробатикадан халықаралық турнир өтеді.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын Азия чемпионатындағы табысты өнерлерімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз!