Перейти к содержимому страницы.

ППУ-ДЫҢ «ДОМБЫРАШЫЛАР АНСАМБЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

24.03.2022

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Алматы қаласында «Көктем тамшысы» халықаралық өнер сайысы өтіп, өнерпазда әртүрлі жанр бойынша бақ сынады. Аталмыш өнер додасының домбыра жанры бойынша Павлодар дедагогикалық университетінің студенттік филармониясы жанындағы «Домбырашылар ансамблі» өнер көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алды.

Жеңімпаз атанған «Домбырашы ансамблі» құрамында 6 күйші өнер көрсетті. Олар - Жұмабай Перизат, Абдуллина Сания, Қызырхан Динара, Миеміш Ақмарал, Қалиева Нұрила, Аллажар Нұржамал. Жетекшілері - Салтанат Рысбекқызы Утемисова. Біздің өнерпаздар аталған сайыста Динаның «Науысқы» күйін орындап, қазылар алқасының көңілінен шықты. Сайысқа еліміздің барлық облысынан күйшілер келіп қатысқан. Ал екінші және үшінші орындарды Талдықорған қаласы мен Райымбек ауданынан келген өнерпаздар иеленді.

Еске сала кетейік, аталған жас күйшілер «Домбырашы ансамблі» құрамында 2019 жылдан бері дайындалады. Бұған дейін Халықаралық Еуропалық Германия-Қазақстан өнері фестивалінде І орынды жеңіп алған болса, республикалық «Жарқын жол» байқауынан Гран при жүлдесін алып, облыстың намысын абыроймен қорғаған еді.