Перейти к содержимому страницы.

ППУ түлектерін жұмыс орындарына бөлу

28.05.2021

Павлодар педагогикалық университетінде түлектерді дәстүрлі жұмысқа орналастыру шарасы өткізілді. Оған жоғары мектеп декандары, білім басқармасының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, Павлодар қ. ХБ НЗМ КЕАҚ, Торайғыров университеті колледжі, ППУ КЕАҚ колледжі, жеке білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиынға 600-ден астам түлектер қатысты, олардың жартысы ауылдық жерлерде тұратын студенттер. Еліміздегі пандемияға байланысты жұмыс орындарына бөлу онлайн форматта өтті. 4 курс студенттерін үлестіру кезінде оқу нәтижелері, болашақ кәсіби мамандардың ұсыныстары және жұмыс беруші жақтың шарттары ескерілді.

- Түлектерді жұмысқа орналастыру ЖОО жұмысының тиімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Біздің жоғары оқу орнымыз түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге көп көңіл бөледі, бұған жыл сайын 90%-дан астам жұмысқа орналасқан түлектердің жоғары көрсеткіші дәлел бола алады, - деп атап өтті практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Майра Байтанаева.

raspredelenie vypysknikov

raspredelenie vypysknikov2

raspredelenie vypysknikov3

raspredelenie vypysknikov4

raspredelenie vypysknikov5

raspredelenie vypysknikov6

raspredelenie vypysknikov7

raspredelenie vypysknikov7

raspredelenie vypysknikov8

raspredelenie vypysknikov9

raspredelenie vypysknikov10

raspredelenie vypysknikov11

raspredelenie vypysknikov12