ППУ ТАРИХШЫСЫ «САРЫАРҚА САМАЛЫ» ГАЗЕТІНЕ СҰХБАТЫН БЕРДІ
14.09.2022
ППУ тарих білім беру бағдарламасының оқытушысы, Павлодар облысы ҚХА Ғылыми-сарапшылық тобының төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты Әсел Аманова облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакциясына сұхбат берді.
Әңгіме барысында университет оқытушысы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген орта және жоғары білім беру саласының мәселелеріне тоқталды. Газет тілшісі Айдана Боранбаева әділ Қазақстанның қалыптасуындағы ұстаздардың рөлі туралы сұрақтар қойды. Осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы сұрады. Әсел Аманова педагогтардың үздіксіз біліктілігін арттыру бағыты басымдыққа ие болып отырған Қазақстанның білім беру жүйесін реформалау мәселесіне қатысты сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Әсел Аманова қазақ және орыс тілдеріндегі мектептерде оқитын балаларды оқыту мәселелеріне тоқталды: «Елбасы өз сөзінде біздің балаларымыз қазақ және орыс тілдерін бірдей жақсы меңгеруі керек деген ойын ашық айтты. Ең алдымен қазақ тілін үйренудің маңыздылығын түсінуіміз қажет. Өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын барша халық мемлекеттік тілді білуі керек. Біз еңбек нарығының талаптарын ескере отырып жаңартылған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қызметімізді жалғастырудамыз», - деп атап өтті Әсел Серікқызы.