Перейти к содержимому страницы.

ППУ СТУДЕНТТЕРІНЕ РЕСЕЙ ҒАЛЫМЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ

30.11.2022

Павлодар педагогикалық университетіне халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Уральск (Ресей) мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Валерий Сидоров келді. Ол қараша айының 28- мен желтоқсан айының 10-ы аралығында «Математика және физика» ББ студенттеріне дәріс оқиды.

Сидоров Валерий Евгеньевич 1996 жылдан бастап аспирантура студенттерінің тәлімгері және жетекшісі болды. Осы уақыт ішінде оның жетекшілігімен 9 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды. В.Е. Сидоровтың барлық шәкірттері Ресей ғылым академиясының академиялық мекемелерінде және білім беру саласында жұмысын жалғастырады.

Профессор УрПУ диссертациялық кеңесінің және екі УрФУ диссертациялық кеңесінің мүшесі. Қазіргі таңда тәлімгер болып, екі магистранттың жұмысына жетекшілік етеді.

«Физика», «Физика-информатика» ББ 1-2 курс студенттеріне жалпы және эксперименттік физикадан дәрістер оқиды.

Шетелдік профессордың болу бағдарламасына «Математика және физика» ББ оқытушылары, магистранттары мен докторанттары үшін өткізілетін семинарлар, сонымен қатар магистранттар мен докторанттарға кеңестер кіреді.