ППУ СТУДЕНТТЕРДІ ҚАРСЫ АЛУҒА ӘЗІРЛІК ЖҮРГІЗУДЕ
29.12.2020
Жаңа жылда Павлодар педагогикалық университеті алғашқы студенттерін қарсы алады. Бірнеше ай бойы қашықтан оқыған студенттер енді қалыпты оқу форматына көшпек. Осыған орай бүгін университет қабырғасында студенттерді қарсы алу мәселесі бойынша жиналыс ұйымдастырылып, бірінші курс студенттерімен байланыс жасайтын арнайы жұмыс тобы құрылды.
Басқарма төрағасы - ректор Ж.Жилбаев жоғары мектеп декандарына, білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне және құрылымдық бөлімшелер басшыларына студенттердің жағдайын жасауын: басқа қаладан келетін студенттерді қарсы алу, жатақханаға орналастыру, асхана мәселесі, аудиториялар мен зертханаларды дайындау, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, үйірмелер мен секциялардың кестесін құрастыру сияқты бірқатар міндеттер тапсырылды.
Сонымен қатар, университет оқу үдерісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын айта кету маңызды. Әр аудиторияға кварц шамдары, асханаға, кіреберістер мен дәретханаларға санитайзерлер орнатылған. Сонымен қатар, вирустың таралуын болдырмау үшін күнделікті профилактикалық шаралар күшейтілмек: қызметкерлер мен мұғалімдер бөлмелерді үнемі желдетіп отыруы қажет, сондай-ақ персонал дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізеді.