Перейти к содержимому страницы.

ППУ СТУДЕНТТЕРІ ЖАТАҚХАНАҒА ОРНАЛАСУДА

25.01.2021

Павлодар педагогикалық университетінің 1 курс студенттері жатақханаға жайғасуда. Карантинге орай жаңа талаптарға сай санитарлық нормалар қатаң сақталады. Жалпы студенттерді жатақханаға орналастыру 50% толымдылықпен бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. 1 бөлмеде 2 адамнан орналасады.
 
Кристина ПЛУГАТЫРЬ, 1 курс студенті:
Жатақханаға бүгін келіп орналасып жатырмыз. Бәрі жақсы, маған өте ұнайды. Бөлме жылы, жайлы, барлық жағдайлар жасалған. Бізді жайдары қарсы алып жатқан университет басшылығы мен қызметкерлеріне алғысымыз зор. Ғимараттың өзі, бөлмелердің бəрі таза, санитарлық талаптар сақталған, барлығы көңілімізден шығып жатыр. Менімен бірге тұратын көршімнің де көңіл-күйі жақсы.
 
Жалпы №2 Студенттер үйі 467 орынға шақталған. Жатақханаға орналасуға барлығы 354 өтініш келіп түскен. Жатақханаға орналасып жатқан студенттердің басым көпшілігі оңтүстік аймақтан келгендер. Бірінші күні республиканың əр өңірінен және облысымыздың аудандарынан жатақханаға 77 студент келіп орналасты. Студенттерді келген бетте дезинфекциялық аркадан өткізіп, дене қызуын өлшейді. Қажет болған жағдайда дәрігер көмегіне бірден жүгінуге мүмкіндік бар.
 
№2 Студенттер үйіне орналастыру бүгіннен, яғни 25-ші қаңтардан 30-ына дейін жүргізіледі. Жатақхана беру кезінде грант иегерлеріне, жетім балаларға, көпбалалы отбасылардың және мүгедек тобындағы балаларға, сондай-ақ педагогикалық квота мен «Серпін» бағдарламасы бойынша студенттерге басымдық беріледі.

zaselenie

 zaselenie2

zaselenie3

zaselenie5

zaselenie7

zaselenie8

 zaselenie10

                                                                                                                                                            ППУ Баспасөз қызметі