Перейти к содержимому страницы.

ППУ СТУДЕНТТЕРІ УНИВЕРСИТЕТТЕ АЛҒАН БІЛІМІ МЕН ӘСЕРЛЕРІМЕН БӨЛІСУДЕ

16.02.2021

Жакупов Нұрсұлтан Русланұлы, 1-курс докторанты, «Физика» білім беру бағдарламасы:

"Павлодар педагогикалық университетінде 7 жыл білім алудамын. Төрт жыл бакалавриат, екі жыл магистратурa, ал қазір докторантурада оқуымды жалғастырып жатырмын. Осы уақыт аралығында жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушыларынан баға жетпес тәжірибе жинақтап, жүйелі әдістемелік дайындықтан өттім. ППУ-дың білім беру бағдарламалары тиімді заманауи педагогикалық оқыту технологияларын қолдана отырып, әдістемені меңгеруге мүмкіндік береді. Әсіресе, ағылшын тілінің оқыту методологиясы бойынша ББ ерекше атап өткім келеді. Оқу бағдарламасында таңдауға арнайы пәндер, академиялық ұтқырлық бағдарламасы және студенттерге арналған тілдік курстар ұсынылады.

Ғылыми қызметімнің негізгі бағыты ретінде көптілді білім беру мен онлайн-оқытуды таңдадым. Қазіргі уақытта мен «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиатымын және «British Study Center» мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ әзірлеген бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда тағылымдамадан өтуді жоспарлап отырмын. Ұсынылған бағдарлама мен диссертациямның негізгі мақсаттары сәйкес келеді. Осыған байланысты ғылыми жетекшім – Сейітханова Айнұр Құсбекқызымен бірге зерттеу тақырыбы бойынша деректер көзін жинақтау үшін іс-шаралар жоспарын әзірледік. Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде сабақ бере жүріп, университет қабырғасында жинақтаған білім мен тәжірибенің арқасында көптілді білім беру бағдарламасына ауысу еш қиындық тудырмады".

nurs

nurs2

nurs3

Жаратылыстану жоғары мектебі