Перейти к содержимому страницы.

ППУ студенттері театр премьерасына барды

27.05.2021

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мәдениет пен өнер қызметкерлерінің алдына қойған мерейлі міндеттердің бірі – бүгінгі өскелең ұрпағымыздың рухани санасын өсіріп, адами болмыстарын қалыптастыруда театрдың алар орны ерекше екені белгілі. Отанға деген патриоттық сезім ұялату үшін ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді қолдап, дамытып, халыққа кеңінен насихаттауымыз қажет.

Кеше Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында Е.Төлеубайдың «Кербез келіндер» спектаклінің премьерасы өтті. Бүгінгі заман тынысын бейнелеп, жастар тәрбиесін басты мақсат еткен қойылымды тамашалауға Павлодар педагогикалық университетінің ұстаздары мен студенттері қатысты. Ата-ананы сыйлау, имандылық пен парасаттылық қасиеттерді жастардың бойына дарыту мақсатында қойылған спектакльге келушілер қатары аз болмады. Пандемияға байланысты санитарлық талаптарды сақтай отырып, рухани азық алуға ниет білдірген 60-тан аса студентке университет басшылығы билет жағынан қолдау көрсетті. Болашақ ұстаздарға білім беріп қана қоймай, тәрбие жағына да әрдайым көңіл бөлетін университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко мен басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев өзі бас болып, театрдың алдыңғы қатарынан көрінді. Театрға барған студенттер ерекше әсер алып, зор ризашылықтарын білдірді.

Ерік Нұргүл: (ҚТӘ-13)                                                                                             

Өнер – өмірдің айнасы. «Кербез келіндер» комедиясы қазіргі қоғамдағы ене мен келін, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты керемет жеткізген қойылым. Актёр, актрисаларының ойнау шеберліктерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қалай керемет ойнайды?! Өнердің киелісі осы – театр екеніне тағы көзім жетті. Ендеше өнерді жетімсіретпей олардың еңбегін бағалауға тырысайық.

Мәден Аружан: (ҚТӘ-13)                                                                                                         

"Кербез келіндер" театрлық қойылымы өте жоғары деңгейде өтті! Көңілімнен шықты. Қойылымда айтылған сөздерде терең мағына жатыр. Сол терең мағынаны көрермендерге әзілмен, шындықпен жеткізе білді.  

Қасенбаева Әлия:                                                                                                                  

Менің ойымша, бүгін барлығымызда театрға деген ерекше көзқарас қалыптасқандай. Актерлер ойнау шеберлігі, сценарий, тіпті әуенге дейін жоғарғы дәрежеде. Эмоциямызды ұстау мүмкін болмады десем артық емес. Көңіліміз сергіп, рухани дамып қайттық. Алған әсерімізді айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай таза өнерді дәріптеп жүрген Аймауытов әртістеріне алғысым шексіз. Және сол өнерді жастардың, яғни, біздің санамызға сіңдіру мақсатында апарған ППУ ұстаздарына көптен-көп рахметімді айтамын. 

teatr

teatr2

teatr3

teatr4

teatr5

teatr6

teatr7

teatr7

teatr8

teatr9