ППУ СТУДЕНТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!
07.09.2022
Павлодар педагогикалық университетінің Өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС -11 тобының студенті Сабыр Ерболат 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында өткен бокстан Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдің абсолютті жеңімпазы және чемпионы атанды.
Жарысқа Тайланд, Қытай, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Моңғолиядан 130-дан астам спортшы қатысты.
57 келі салмақта Ерболат төрт жекпе-жек өткізіп, жарыс чемпионы атанды.
"Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Бірінші жекпе-жекте атыраулық Қонысбай Бекзатты 5:0 есебімен ұттым, ширек финалда Өзбекстандық Джураев Ойбекті 5:0 есебімен жеңдім. Жартылай финалда қостанайлық Арапов Айдоспен кездесіп, 3:2 есебімен басым түстім, Финалдық кездесуде Тараздық Бейбарыс Жексенді 5:0 есебімен жеңдім" - дейді Ерболат.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Ерболат Сабыр жарыстың абсолютті чемпионы атанып, «Жеңіске деген ұмтылысы үшін» номинациясымен марапатталды.
Спортшы мен оның жаттықтырушыларын, ұстаздарын халықаралық турнирдегі жеңісімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар мен жетістіктер тілейміз!