Перейти к содержимому страницы.

ППУ студенті республикалық олимпиадада ағылшын тілі пәнінен 3 орынға ие болды

14.04.2021

Шет тілдерінен жыл сайынғы Республикалық олимпиада КАЗУМОиМЯ негізінде өткізілді. Олимпиадаға «Шет тілдері» мамандығы топтары бойынша Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарынан 230 студент қатысты.Карантин жағдайында олимпиада онлайн режимінде, Microsoft Teams және Moodle платформалары арқылы өтті. Павлодар педагогикалық университеті атынан «Шет тілі: екі шет тілі ББ төрт студенті қатысты:

Олимпиада үш кезеңде өтті: халықаралық деңгейдегі С1 лексикалық –грамматикалық тесті, шет тілін оқыту әдістемесі бойынша прагмалық тапсырманы шешу және әдістеме бойынша жоба жұмысын қорғау.

Қатысушылар жоғары білімі мен жақсы теориялық және практикалық дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде ППУ ИА – 42 тобының студенті Сәуле Шәкенова үшінші орынды иеленді. Студенттерді сапалы дайындауда топ жетекшісі, «Шет тілі: екі шет тілі» ББ аға оқытушысы Широкова Жанна Константиновнаның жұмысын атап өту керек, ол сонымен қатар апелляциялық комиссияның төрайымы болып сайланды. Және ағылшын тілі секциясы және жоба жетекшісі: «Шет тілі: екі шет тілі» ББ аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Мекежанова Асель Бейсембаевнаның еңбегі өте зор.

olimpiada

olimpiada2