ППУ ректоры Жанбол Жилбаевтың Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
07.05.2021
Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға белгілі. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрдайым мақтан тұтамыз. Туған жерімізді ерлікпен қорғаған және қорғайтын азаматтарымызға, әскери борышын өтеушілерге құрметпен қараймыз. Осы бір қиын қыстау кезеңде еліміздің өркендеуі жолында біздің университеттің ұстаздар қауымы, студенттер, ардагерлеріміз бен қызметкерлеріміздің әрқайсысы өз қызметін абыроймен атқарып, Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлесін қосуда.
Құрметті әріптестер, мемлекетіміздің көркеюі үшін атқарып жатқан игі қызметтеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық және бақытты да берекелі ғұмыр тілеймін!
Құрметпен, Павлодар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев