Перейти к содержимому страницы.

ППУ ПРОФЕССОРЫ А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАДА

06.09.2022

Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Сағындықұлы Бекен облыстық телеарнаның шақыруымен таңғы «Жарқын күн» эфирінде болып қайтты. Жарты сағат көлеміндегі эфир барысында ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы туралы толық мәлімет беріліп, тележүргізушілер тарапынан қойылған сан сауалдарға жауап берілді. Әсіресе, әңгіменің ұлт ұстазының оқу құралдары мен оның қазақ балалары сіңірген еңбегі және бүгінгі Тілдер мерекесінің Ахаңның туған күніне орайластырылуы жайында тың мәліметтер көрермендерді қызықтыра алды деп білеміз.

Сонымен қатар аталмыш бағдарламаның биылғы маусымдағы алғашқы қонағы Сағындықұлы Бекен екеніне мән беріліп, профессордың оқу-білімге келуі мен осы өңірдегі қоғамдық қызметтері сарапталды. Қызықты әңгіме-дүкен әсем әуенмен көмкеріліп, эфирдің мән-сәнін келтіріп отырғанын баса айтуымыз керек.