ППУ ПЕДАГОГТЕРІ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ІС-САПАРМЕН БАРДЫ
20.09.2022
ППУ оқытушылары Б.М.Жапарова, А.Н.Ахмульдинова және Г.А.Сүлейменова Маңғыстау облысына іс-сапармен барды. Мақсаты – отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінде гранттық жоба аясында тәжірибе алмасу. Яғни, балалар үйінде балаларды гендерлік әлеуметтендіру моделін енгізу жұмысымен танысып, мәселені бірлесіп талқылады. Жұмыс барысында балаларды гендерлік әлеуметтендіру мәселесі бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда гендерлік сәйкестікті қалыптастырудың психологиялық тетіктерін зерттеу және балалар үйі жағдайында тәрбиеленетін балалардың гендерлік рөлдерін айқындау мәселелері қозғалды.
Маңғыстау облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы А.С. Байбатырова аталмыш мекеменің қызметкерлері үшін жоба жұмысы барысында әзірленген әдістемелік нұсқаулардың балалар үйі тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру жұмысында қажетті құрал болып табылатындығын, сонымен қатар, тәрбиеші-аналар үшін маңыздылығын атап өтті. Жиын барысында, мекеме басшысы мен Павлодар педагогикалық университеті арасында педагог-ғалымдарымен зерттеу тақырыбы шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты жалғастыру бойынша келісілді. Сонымен қатар, балалар үйі тәрбиешілеріне, әлеуметтік педагогтар мен психологтарға әдістемелік көмек көрсету жұмысын жолға қою мәселесі талқыланды.