Перейти к содержимому страницы.

ППУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

22.12.2020

Ростов облысының жалпы және кәсіби білім министрлігі, А.П. Чехов атындағы Таганрог университетінің филиалы және Ростов білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау институты өткізген халықаралық семинарға Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары қатысып, ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Семинар тақырыбы – «Мектеп білім беру үдерісіне медиа технологияларды енгізу » төңірегінде өрбіді. Халықаралық семинардың мақсаты – медиа төңірегінде біліктілігі жоғары педагогтердің тәжірибелерімен бөлісуі, ұстаздардың біліктілігін интеллектуалды, шығармашылық, педагогикалық, әдістемелік әдістер арқылы медиақұзіреттілігін арттыру болып табылады. Семинарға 100 ден аса оқытушылар мен мүдделі адамдар қатысты.

seminar