ППУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
24.11.2022
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары қала мектептерін аралап, түлектерге кәсіби бағдар беру жұмысын бастап кетті. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушылары Г.Н. Старченко Павлодар қаласының №35 орта мектебіне, Қ.С. Ерғалиев дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияға, З.Ш.Айткенов, Г.К.Ракишева, Б.Құдайбергенұлы Павлодар қаласының №25 орта мектебіне, М.К.Каирова Павлодар қаласының №11 орта мектебіне, Н.Р. Омаров Павлодар қаласының №16 орта мектебіне, Ж.Қ. Сағынтаева Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатына, А.Т. Макишева Павлодар қаласының №2 орта мектебіне барып, 11-сынып оқушыларымен кездесіп, педагогикалық университеттің болашақ мамандар үшін жасап жатқан мүмкіндіктері туралы айтты.
Сонымен қатар, 60 жылдық тарихы бар ұстаздар ордасының жетістіктері туралы айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Бүгінгі таңда мұғалім мамандығы еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие. Сол себепті соңғы жылдары мектеп түлектерінің көпшілігі білім беру саласын таңдап жүр. Кездесу барысында грантқа өту балдары, шәкіртақы, студенттік өмір мен жұмысқа орналасу және басқа да мәселерге қатысты мағлұмат берілді.