ППУ ЖАСТАРЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ
13.09.2022
Павлодар педагогикалық университетінің қабырғасында Мемлекет басшысының соңғы жолдауы тағы талқыланды. Жиынға қатысқан студенттер мен педагогтар көкейде көлденең тұрған сауалдарын ортаға салды. Тақырыпты талқылауға арнайы шақырылған мейман "Аманат" партиясы жанынан құрылыған "Zhastar ruhy" жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова алдымен Президент жолдауын қысқаша түсіндіріп өтті. Кездесудің негізгі мақсаты — жолдау туралы пікір алмасу, жастардың ойын білу.
Басты назарда әлеуметтік-экономикалық бағыт. Жиналғандарды әсіресе, азық-түлік бағасы, балалардың болашағы сынды тақырыптар толғандыратынын аңғаруға болады. Десе де, білім саласы да жоспардан шет қалған жоқ. Сонымен қатар, кезектен тыс Президент сайлауы жайы да талқыға салынды.
Жалпы, Қазақстанның әрбір азаматы елде оын алып жатқан саяси бастамаларға бей-жай қарамауы тиіс. Бұл жолғы кездесуде айтылған дүниелер алдағы уақытта толықтай жүзеге асатынына сенімдіміз.