Перейти к содержимому страницы.

ППУ екі студенті Литва университетінде оқитын болды

06.09.2021

Павлодар педагогикалық унверситетінің студенттері Альмира Сағындықова мен Сәния Абдуллина Литва мемлекетінің үздік оқу орындарының бірі - Ұлы Витовт университетінде оқудан өтуге мүмкіндікке ие болды.

ППУ Конкурстық комиссиясының отырысында ҚР БжҒМ қаржыландыру мен   2021-22 оқу жылының 1 семестрінде академиялық мобильділік аясында шетелге оқуға жіберілетін студенттердің кандидатуралары қарастырылды.

Комиссия құрамында жоғары оқу орнының проректорлары, департамент басшылары, жоғары мектеп декандары және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кездесуге "Қағандық" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркеғали Жанғазы және "Павлодар өңірі Азаматтық альянсының" атқарушы директоры Ольга Поух белсенді қатысты.

Комиссия бір ауыздан Гуманитарлық ғылымдарының жоғары мектебінің 3 курс студенттері Альмира Сағындықова мен Сәния Абдуллинаның кандидатураларын мақұлдады.

Енді олар 2021-22 оқу жылының бірінші семестрін Каунас қаласында орналасқан QS Stars рейтингіне енген Еуропалық заманауи Ұлы Витовт университетінде оқитын болады.
Қыздар шетелдік оқу орнында дипломдық жұмыстары аясында зерттеу жүргізіп, шетелдік оқыту әдістемелерін меңгеруді жоспарлап отыр.
         Бұл студенттер білім алумен шектелмей, қоғамдық жұмыстарға да белсенді қатысады. Сондай-ақ, Альмира Сағындықова  домбыра тартады. "Оқумен қатар Литвада Қазақстан мәдениетін де танытқым келеді", - дейді ол.
Комиссия мүшелері студенттерге оқу сапарында сәттілік тілеп, Еуропалық жоо-да қазақстандық білім жүйесінің, жастардың жетістіктерін паш етудің маңыздылығын атап өтті.

ҚР БжҒ Министрлігінің қолдауымен мобильділік бағдарламалар аясында шетелге оқуға шығып жатқан студенттеріміздің саны жылдан жылға арта берсін деп үміттенеміз.