ППУ-дың «Марғұлан орталығының» қызметкерлері Халықаралық «Жады бағы» акциясына қатысты
26.04.2021
Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Павлодарда «Панфиловшылар» іздестіру тобы мен Павлодар педагогикалық университетінің Марғұлан орталығы қызметкерлері майданға аттанып, оралмағандарды еске алу мақсатында Халықаралық «Жады бағы» акциясы аясында 80 ағаш отырғызды.
Азаматтар өз қаражаты есебінен аймағымызға арнап әсем де, сирек кездесетін өсімдіктің 80 түбін сатып алып, Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің аумағында қоршау құра отырып, отырғызды.
Мешіттің бас имамы Жолдас қажы Бердімұратов атап өткендей, сол соғыста көптеген қазақстандықтар қаза тапса, соның ішінде біздің павлодарлық жерлестеріміз қаншама, оларды мәңгі есте сақтауымыз керек. Мұндай ізгі және мейірімді іс-шаралар біздерді біріктіріп, жастарды бейбітшілік пен өзара сыйластықты бағалауға үйретеді.
- Жеңіс күні - халқымыз үшін дәстүрлі маңызы зор мереке. «Панфиловшылар» отрядының командирі келіп, бірлескен акция өткізуге ұсыныс жасаған кезде, біз, әрине, бірден келісім бердік, - дейді Татьяна Крупа. - Бүгін біздің орталық қызметкерлері бәрі осында. Олардың да маңызды іс-шараға қатысуындағы басты мақсат - тазалыққа ат салысып, әдемі ағаштармен безендіруге өз үлестерін қосу.
Біз кетеміз, жастар қалады. «Еске алу бағы» акциясы өте маңызды, ол – соғыста қаза тапқандарды есте сақтап, Отан үшін от кешкендерге деген құрмет. Біз ең бастысы облысымыздағы орталық мешіттің аумағында жұмыс істеп жатырмыз және де қазір қасиетті Рамазан айы, сауабы мол ұлы мейрам.
Ағаш отырғызу шарасына ардагерлер кеңесінің өкілдері, сонымен қатар еліміздегі бірден-бір Генерал Панфилов атындағы әскери даңқ мұражайы бар № 14 орта мектептің оқушылары белсене қатысты.
Фотосуреттерді ұсынған: Салауат Игіліков