ППУ ДОЦЕНТІ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ
08.02.2021
Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Е. Кузембаев Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелге баяндамашы ретінде қатысты. Баяндама Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихына және жастардың мемлекеттегі рөліне арналды.
Баяндамашы Қазақстан Республикасының құрылу тарихы, бастапқы кезеңнің қиындықтары және республиканың отыз жылдық тарихындағы жетістіктері туралы айтып берді. Мектеп оқушылары баяндамашыға мемлекеттің қазіргі жағдайы, қазақстандық мемлекеттіліктің даму болашағы, көрші мемлекеттермен өзара қарым-қатынастар туралы сұрақтар қойды. Доцент Н.Е. Кузембаев мектеп директоры Р. Н. Жұмабаевтан алғыс хат алды.