Перейти к содержимому страницы.

ППУ-да Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

26.05.2021

Бүгін Павлодар педагогикалық университетінде Ғылыми кеңестің кеңейтілген онлайн отырысы өтті, оған жоғары мектеп декандары, университеттің құрылымдық бөлімшелері мен білім беру бағдарламаларының басшылары қатысты.

Басқарма төрағасы – ректор Жанбол Жилбаев жиынға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, Ғылыми кеңестің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітуді ұсынды.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

- ППУ стратегиялық даму жоспарын іске асыру бойынша өнер және спорт жоғары мектебінің қызметі туралы;

- М. Қанапиянов атындағы ППУ жоғары колледжінің стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру қызметі;

- 2021-2022 оқу жылына арналған оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбелерді бекіту туралы.

Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры Л.С. Сырымбетова "ППУ студенттері арасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру туралы" баяндамасында жоғары оқу орнының студент жастарға бағдарламалық мақаланың жобаларын іске асыруға байланысты талдауын ұсынды. Кеңес барысында студенттер, магистранттар, докторанттардың ғылыми-зерттеу жобалары арқылы "Рухани жаңғыру" мақсаттарын, идеялары мен міндеттерін енгізу туралы Ғылыми кеңес мүшелерінің ұсыныстары тыңдалды.

Ғылыми кеңес отырысында бірқатар қосымша оқу-әдістемелік құралдарды баспаға ұсыну туралы.мәселелер қаралды.

Кеңес барысында әрбір мәселе бойынша талқылауға Ғылыми кеңес мүшелері белсенді қатысты. Олардың баяндамаларында осы бағыттар бойынша жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылып, Ғылыми кеңес жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

uchenyisovet

uchenyisovet2

uchenyisovet3

uchenyisove4t

uchenyisovet5