ППУ-ДА «БІЛІМ БЕРУДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК» ЖАҢА МАМАНДЫҒЫ АШЫЛДЫ
18.09.2020
Оқу жылының басынан бастап облыстық мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында «Кәсіпкерлік негіздері» пәні енгізілді. Осы бағытта оқытушыларды даярлау үшін Павлодар педагогикалық университеті жаңа білім беру бағдарламасы – «Білім берудегі кәсіпкерлік» оқу бағдарламасын құрастырды.
Білім беру бағдарламасының жетекшісі Сәуле Иксатова жаңа мамандықтың ерекшеліктері туралы толығырақ хабарлады. Оның айтуынша, «Білім берудегі кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасының өзектілігі қазір аса маңызды болмақ. Білім беру бағдарламасының мақсаты – кәсіпкерлік пен бизнес саласында теориялық, практикалық және аналитикалық дағдыларды қалыптастырған сапалы мамандарды даярлау болып табылады.
Оқу бағдарламасына жаңа мамандықты енгізу аса күрделі дайындық жұмыстарын қажет ететін, бірталай еңбекті құрайтын үдеріс. Оқу бағдарламасы білім беру саласындағы тиісті ұйымдардың тексерісінен өтіп, алғашқы талапкерлердің қабылдануы болды.
Күндізгі (қашықтан) оқу бөліміне: 15 адам қазақ тілінде оқитын топқа, 10 адам орыс тілінде оқитын (қысқартылған) топқа және 2 адам екінші жоғары білім алуға қабылданды.