ППУ-да «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану: білім берудегі STEM технологиялар» атты жазғы ғылыми мектебі ашылды
15.06.2021
Бүгін ППУ-дың жаратылыстану жоғары мектебі базасында жыл сайынғы «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану: білім берудегі STEM технологиялар» атты жазғы ғылыми мектебі өз жұмысын бастады. Биылғы жылы ол STEM технологияларын зерттеуге арналған. Естеріңізге сала кетсек, STEM технологиясы (S – science, T – technology, E – engineering, M – mathematics) оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытудың ең тиімді білім беру әдістерінің бірі болып табылады. Оқушылар зерттелетін құбылыстардың механизмін жіті зерделеп, олардың өзара байланысы мен жүйелілігін түсінеді, осылайша инженерлік ойлау стилін, қиын жағдайларды шешуді, тығырықтан шығу қабілетін, командалық жұмыс дағдыларын дамытады, сонымен қатар STEM саласындағы пәндердің интеграциясы мен байланысын іс жүзінде түсінуге мүмкіндік береді.
Жазғы мектептің ашылу салтанатында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Е.В.Игнатова мен ППУ жаратылыстану жоғары мектебінің деканы В. Н. Алиясова құттықтау сөз сөйледі. Ал ЖОО-ның жастар саясаты департаментінің мамандары мектептің ашылуына қатысушылар үшін шағын мерекелік концерт ұйымдастырды.
Айта кетелік, жазғы ғылыми мектептің қатысушылары дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы лицей-интернатының 7-9 сынып оқушыларынан құралған. Тренерлер ретінде "Информатика"білім беру бағдарламасы бойынша ЖОО оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысады. Аталмыш шара көпсалалы лицей-интернатымен ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өткізіледі.