ППУ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ
22.09.2022
Павлодар педагогикалық университетінің бірінші курс студенттері қазақ тілі пәнінен нөлдік бақылау жұмысын тапсырды. Бақылауға тек орыс топтарында білім алатын 200-ден астам студент қатысты. Сынақ диктант жазу, тест тапсыру және қазақ тілі бойынша тапсырмалар орындау бойынша болды.
PhD докторы, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Нағима Ахтаеваның сөзінше, бақылау жұмысының мазмұны университеттің 60 жылдық мерейтойына негізделген жат жазудан және лексика-грамматикалық тапсырмалар бойынша құрастырылған.
-Біз болашақ ұстаздарды оқытып жатқандықтан, олардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне де мәне беруіміз керек. Жалпы, осындай бақылу жұмысы дәстүрлі түрде жыл сайын өтеді. Ал биылғы бақылау бұрынғыдан өзгеше. Яғни, студенттер үш кезең бойынша сынақтан өтеді. Бірінші кезеңі мектеп қабырғасынан алып келген білімін бағалау негізінде алынды. Ал желтоқсан және мамыр айларында екінші және үшінші бақылау жұмысы алынады. Онда студенттердің университетте бір жыл оқыған білімі бағаланады, - деді Нағима Хабдрашитқызы.