Перейти к содержимому страницы.

ППУ базасында Альфа-ұрпақ педагогтерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластерінің жобасы ұсынылды

26.03.2021

Бүгін «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ базасында «Альфа-ұрпақ педагогтерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластері» жобасының таныстырылымы өтті. Оған Павлодар педагогикалық университетінің басшылығы және профессор-оқытушылар құрамымен қатар, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко қатысты.

Өңірлік ғылыми-білім беру кластерін құрудың негізгі мақсаты – альфа-ұрпақ мұғалімдерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластерін құру негізінде педагогикалық білім сапасын арттыру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру уақыты 2021-2024 жылдарға жоспарланып отыр.

Жоба оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында ғылыми зертханалар құру, сонымен қатар студенттердің икемді дағдыларын дамыту мақсатында жаңа платформалар құру арқылы университеттің білім беру, ғылыми және материалдық-техникалық базасын кеңейтуді көздейді. Аталмыш кластер құрамына  «YMAY» халықаралық оқу-зерттеу лабороториясы, Қашықтықтан оқытуға арналған сандық зертхана, Арнайы және инклюзивті білім беру, Жаратылыстану эксперименттері, Бағдарламалау және виртуалды шындық, Эксперименталды археология, Палеогенетика, Инновациялық технологиялар зертханалары кіруі жоспарлануда.

ППУ-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры С.Мурзакулов жобаның бірегейлігін атап өтті. Ең алғаш қазақстандық білім беру жүйесінде Альфа-ұрпақ өкілдерін оқыту және тәрбиелеу процесінде педагогикалық технологиялармен қатар, психоәлеуметтік құралдарды қолданылатын әдістемелік құралдар жүзеге асырылмақ.

"ППУ" КЕАҚ Альфа-ұрпақ педагогтерін даярлауға арналған аймақтық ғылыми-білім беру кластерін құру үшін барлық негізгі базалық жағдайлар қарастырылған: қала ішіндегі ыңғайлы локация; қажетті білікті персонал; университеттің білім беру бағдарламаларына жоғары сұраныс бар.  

Жоба іске асып жатса, кластерде әлеуметтік кәсіпкерлік дағдылары мен жеткілікті тілдік деңгейі бар мұғалімдерді даярлау мен қайта даярлауға арналған,  Альфа-ұрпақ өкілдерін оқыту мен тәрбиелеуде жоғары IT құзыреттілікті қажет ететін, икемді дағдыларды (soft skills) қалыптастыратын өзекті заманауи педагогикалық технологиялар құрастырылмақ. Құрылатын өңірлік кластердің әлеуеті университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының, Павлодар өңірінің барлық білім беру деңгейлеріндегі педагогтерінің біліктілігін арттыруға оң септігін тигізеді.

zhoba

zhoba2

zhoba3

zhoba4

zhoba5