Перейти к содержимому страницы.

УНИВЕРСИТЕТТІҢ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРЫН КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!

05.03.2022

Облыстық «Шаңырақ» шығармашылық үйінің залында ЖОО-ның ер азаматтары университеттің аруларын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Университет ректоры Жанбол Жилбаев ұжым әйелдерін көктемнің тамаша мерекесімен құттықтады. Білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген пікірлес әріптестеріне алғысын білдірді. «Жұмыстың қиындығына қарамастан, сіздер балаларды тәрбиелеп, шаңырақтың ұйытқысы болып, аяулы, қамқор әйел мен ана міндеттерін бірге алып келесіздер. Жанқиярлық еңбегіңіз, сарқылмас күш-қуатыңыз, кәсіби және аналық еңбектеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, әйел, отбасылық бақытын, туған-туыстар мен жақындардың амандығын, қамқорлығын тілеймін!», - деді Жанбол Октябрович.

Салтанатты кеште ғылым мен білімнің дамуына зор үлес қосып жүрген әйелдерге марапаттар табыс етілді.

Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Ғылым және білім министрі А. Аймағамбетовтың Күәлігімен Шоманова Жанат Қайроллақызы марапатталады.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ғылым және білім министрі А. Аймағамбетовтың Алғысымен Нығметова Бибігүл Джамбылқызы марапатталады.

Университеттің 29 нәзік жанды қызметкері басқарма төрағасы, ректор Жанбол Жилбаевтың атынан Құрмет грамотасымен марапатталды: Аманова А.С., Сарыбаева Б.Ж., Бахралинова А. Ж., Халелова А. Х., Анафина А. Е., Тайчик Ж. Е., Кольева В.В., Джуматаева А.И., Мұкашева Б. М., Абдуллина М.А., Бурбека Н.Ю., Жұмабекова Б. К., Клименко С. Н., Иманбаева К.М., Оразбаева Д.К., Серебренникова О.Н., Әбілдинова Ж. К., Жүсіпова Г. З., Елмұратова Г.У., Уразбаева Г. А., Байтанаева М. А., Козлова Л. Р., Досымбекова Р. Н., Жекеева А. Н., Қабиева А. М., Сұлтанова А. Б., Мағзұмова К. С., Бекинова А. С., Бектанова А. Г.

Мерекелік кеште университеттің әйелдер ұжымдарына әзіл номинациялар берілді, сонымен қатар тәттілер мен гүлдер сыйлады.