ПЕДАГОГИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕГІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ
30.05.2022
Педагогика жоғары мектебінде соңғы қоңырау соғылды. ЖОО-ны аяқтау рәсіміне білім беру бағдарламаларының профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты.
Педагогика жоғары мектебінің деканы Ботагоз Нұрмағамбетова құттықтау сөзінде ұстаздар үшін әрбір жылдың түлектері ерекше екенін атап өтті. Бірақ бұл жылғы түлектер мерейтойлық болуымен есте қалады. Биыл еліміздегі ең таңдаулы педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі 60 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Биылғы түлектер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Педагогикалық қызметкерлердің біліктілік тестілеуінен бірінші болып өтті. Енді түлектер үшін басты міндет – сынақтардан сүрінбей өтіп, «Ұстаз» біліктілігін растау.
Түлектердің арасында «Серпін» бағдарламасымен келген жастар да аз емес. Олар еңбек жолын біздің өңірімізде бастайды. Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалары бойынша келген көптеген студенттер Елордада жұмыс істейтін болады.
«Құрметті түлектер, біз сіздермен мақтанамыз және әрқайсыңыздың табысты маман болатындарыңызға сенеміз. Ұстаз мамандығының ең басты қағидасы - балаға деген сүйіспеншілік екенін ұмытпаңыздар», - деді Ботагоз Амангелдіқызы.
Түлектерге деген сүйіспеншілік пен қоштасу сөздерін олардың кураторлары жеткізді. Ұстаздар студенттерге шығармашылық табыстар мен кәсіби шыңдалу тіледі.
Төменгі курс студенттері түлектерге шығармашылық құттықтаулар дайындады. Олар ән айтып, би билеп, өлең оқыды. Олардың барлығы да өз сөзінде жоғары оқу орнына, оның ұстаздарына деген шексіз құрмет, алғыс, сүйіспеншілік сезімін білдірді.
Ең керемет тосын сый ұстаздардың түлектерге арнаған шығармашылық әні болды. Әйгілі "Мы в такие дали шагали" әні әуенімен олар студенттік өмір туралы өздері шығарған ән шырқап, түлектерін әзілмен, бимен шын жүректен құттықтады.
Еске сала кетейік, биылғы жылы 150 түлек альма-матерден «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» Білім беру бағдарламасының 5 тобы, «Педагогика және психология» 2 тобы және «Дефектология» мамандығының 2 тобы дипломдарын алып, үлкен өмірге қанат басқалы отыр.