МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
16.03.2022
Павлодар педагогикалық университетінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын ұжым болып тыңдады. Жолдауда қозғалған тақырыптардың барлығы қоғам үшін, елдің дамуы үшін өте маңызды.
Ел Президенті артта қалған 30 жыл көп уақыт емес екендігін тілге тиек етті. Себебі, бұл біздің бағындырар белесіміз әлі алда екендігін айқындайды. Бірақ, 2022 жылдың басында ел ішіне іріткі салып, тәуелсіздігімізді ойрандағысы келетіндер құйтырқы ойын жүзеге асырғылары келді. Қарулы қақтығыстардың алдын алу мақсатында Мемлекет басшысы батыл қадам жасап, нақты шешімдер қабылдады. Бүгінгі жолдау барысында барлығы халық игілігі үшін жасалған дүние екендігін тілге тиек етті Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін "бармақ басты, көз қысты" әдеттерден арылу керекпіз. Себебі, қол қусырып, бос уәде беріп, жұмыстың бәрін тек қағаз жүзінде іске асыратын уақыт өтті. Қазір, көзбен көріп, қолмен ұсталатындай жұмыс жасау керек,- деді Президент.
Ол үшін бірнеше жаңа басталамаларды ұсынды. Соның бірі, билікте отырған адамдар партия қатарында болмауы керек дегенді кесіп айтты. Бұл өз кезегінде саяси аренада партиялар арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Сол кезде әр бастама мен істің өзі ілкімді болмақ.
Жолдауда көтерліген игі бастамалардың барлығы бір күн, немесе бір жылда шешілетін дүние емес. Сондықтан халық болып қолдауымыз керек. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!