ПОЛЬШАДАН ПАВЛОДАРҒА: МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТІ
10.02.2026
Польша елінің азаматы, Ржешув университетінің студенті Мартына Марушак 2026 жылғы 19 қаңтар мен 25 мамыр аралығында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша оқу үшін Марғұлан университетіне бір семестрге келді. Ол FL-32 тобының 3-курс студенті болып табылады.
Мартына Қазақстанға Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келді. Польша студентінің Қазақстанда таңдауына үш университет ұсынылды: екеуі Астана қаласында, біреуі Павлодар қаласында.
Польша студенті саналы түрде Павлодар педагогикалық университетін, яғни Ә. Марғұлан атындағы университетті таңдады. «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Жолдабаева Әлия Ржешув университетінде ұтқырлық оқытушысы болып, поляк студенттеріне біздің университет туралы айтып, Марғұлан университеті жөнінде презентация ұсынған.



