ПОЛЬША УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ
14.12.2020
Слупск қаласы (Польша) Помор академиясының Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай: философия, поэтика, рецепция" атты II Халықаралық ғылыми семинар өтті. Кездесу Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірге Қазақстан, Польша, Қырғызстан және Украинаның академиялық өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта ұйымдастырылды. Семинарға филология ғылымдарының кандидаты, ППУ педагогика жоғары мектебінің доценті Б.Т.Каримова қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Абай оқулары: "Абай: философия, поэтика, рецепция" ғылыми семинары - Польшадағы Помор академиясының Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығында осымен екінші рет өткізіліп отырған шара.
Семинар Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің құрмет патронатымен өткізілді. Оның қатысушыларын Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алим Қирабаев мырза қарсы алды. Семинардың ашылуында Қазақстанның Польшадағы дипломатиялық корпусының басқа да өкілдері сөз сөйледі.
Семинарға қатысушалар алдында екі ЖОО-ның көпжылдық ынтымақтастығының бастамашылары, Слупскідегі Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығын құрушылар - Помор академиясының неофилология кафедрасының Орыс филологиясы бөлімінің меңгерушісі, профессор Галина Нефагина және Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева сөз сөйледі.
Халықаралық семинар барысында қатысушылар "Абай шығармашылығын зерттеудің лингвистикалық аспектілері", "Рухани және мәдени құндылықтарды дамытудағы Абайдың қосқан үлесі", "Қара сөз философиялық ойларының мән-мағынасы" және т.б. тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасады.