Перейти к содержимому страницы.

ПОЛЬША МЕМЛЕКЕТІНЕ САПАР: ERASMUS+

20.10.2025

2025 жылғы 6 қазан мен 10 қазан аралығында «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Алия Садуқызы Жолдабаева Erasmus+ Staff Academic Mobility академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польша мемлекетінің Жешув қаласындағы Жешув университетінде сабақтар өткізді.

Апта бойы Алия Садуқызы Филология факультетінің ағылшын тілі кафедрасының бірінші курс студенттерімен жұмыс істеп, оларға Ұлыбританияның елтануы пәнінен дәрістер оқыды. Польша университетінің студенттерімен қатар Erasmus ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген Испания, Түркия және Италия студенттері де оқытылған пәнге, сондай-ақ біздің ел мен университетке үлкен қызығушылық танытты.

Сабақтардан бөлек, Алия Садуқызы Ағылшын тілі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен және факультет басшылығымен – Ағылшын тілін зерттеу институтының директоры Dr hab. Prof. UR Эльжбета Рокош және институт директорының орынбасары Dr Беата Керсновска ханымдармен кездесті. Кездесу барысында университеттер арасындағы келісім негізінде одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.