Перейти к содержимому страницы.

Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

25.06.2021

Ағымдағы жылдың 4 мамырында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев тағайындаған "Болашақ" халықаралық стипендиясына конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды.
"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде ел экономикасының басым маңызды секторлары үшін сапалы мамандар мен кадрлар даярлау жүзеге асырылады. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" "Болашақ" бағдарламасын ғалымдар, студенттер, профессор-оқытушылар құрамы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері арасында кеңінен насихаттау, ақпараттық хабарландыру мақсатында стипендия тағайындау қағидалары мен шарттарын түсіндіру жұмыстары бойынша брифингтер өткізеді. Сондай кездесулердің бірі – бүгін Павлодар педагогикалық университетінде өтті. Павлодарға жұмыс сапарымен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ вице-президенті Данияр Ерланұлы Мұқитанов келді. Кездесу барысында университет студенттері мен оқытушылары Болашақ бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, аталмыш бағдарламаның ұтымды тұстары сөз болды.
- Бүгін Павлодар педагогикалық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық. Бұл біз үшін өте маңызды қадам. Біз Болашақ түлектеріне жұмысқа орналасуға көмектесу үшін білім беретін мекемелермен ынтымақтастықты дамытудамыз. Біздің түлектеріміз – әлемнің үздік жоғары оқу орындарында тәлім алған, өте жоғары кәсіби білімі бар адамдар. Біз олардың әлеуетін екі жаққа бірдей тиімді етіп пайдалануды жөн көреміз. Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары да аталмыш мүмкіндікті қолданып, әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында біліктілігін арттыра алады.
Қазіргі уақытта "Болашақ" бағдарламасы арқылы магистратура, докторантура, резидентурада оқуға, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен компанияларында ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. 2021 жылы бағдарлама бойынша оқуға1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 385 стипендия магистратура бағдарламаларына, 60 стипендия докторантура және резидентура бағдарламаларына, 110 стипендия педагог мамандардың, мемлекеттік қызметкерлердің, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуіне арналған. 500 стипендия әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін қазақстандық ғалымдарға берілетін болады. Стипендияға үміткерлерге академиялық оқу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық ұсынылады.
Кездесу қорытындысы бойынша "Павлодар педагогикалық университеті" КЕАҚ мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында «Болашақ» стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыру, өзара тәжірибе алмасу және жоғары оқу орны ғалымдарының шетелде тағылымдамадан өту мәселелерін жүзеге асыру жоспарлануда.

bolash

bolash

bolash