ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ КОНСОРЦИУМДЫ ҚҰРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ!
18.03.2022
Қазақстан Республикасының Педагогикалық білім мен ғылым саласын дамыту жөніндегі инновациялық білім беру Консорциумын құру туралы меморандумға қол қойылды.
Ғылым және білім саласындағы Консорциумның мүшелері қатарында: Павлодар педагогикалық университет, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университет, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Ғылыми-білім беру консорциумы оқыту бағдарламаларының мазмұнының әдіснамасын жетілдіру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және педагогтардың құзыреттілігін нығайту арқылы Қазақстан Республикасындағы білім берудің барлық деңгейлерінде педагог кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін құрылған.
Жаңа Консорциум мүшелерінің жалпы жиналысында зерттеу комитеттері қызметінің басым бағыттары анықталды. Бұл білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектілендіру, инклюзия, дидактика, цифрландыру, квалиметрия, жаһандық құзыреттіліктер саласында педагог кадрларды даярлау әдістемесін жетілдіру.
Тәжірибе, дағдылар мен білімді, ұйымдастырушылық және басқа мүмкіндіктерді біріктіру консорциум мүшелеріне білім беру, ғылыми, инновациялық қызметтегі ынтымақтастықты үйлестіруге, ғылыми жобалар аясында бірлескен зерттеулерді жүзеге асырумен өзара іс-қимылды нығайтуға және тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.