ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ЕҚЫҰ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!
29.03.2022
Педагогика ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының оқытушы-зерттеуші Старченко Галина Николаевна «Көптілділік және көпмәдениетті білім беру – бейбіт және тұрақты даму жолы» атты дидактикалық-әдістемелік әзірлемелердің өңірлік байқауының қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Әдістемелік әзірлемелердің аймақтық байқауын ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссариаттың Орталық Азия білім беру бағдарламасы ұйымдастырды.
Байқау оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және педагогтардың кәсіби дамуын ынталандыру арқылы ана тіліне негізделген көптілді және көпмәдениетті білім беруді насихаттау және дамыту мақсатында өткізіледі.
Галина Николаевна әдістемелік әзірлемелер байқауына «Шоқан Уәлиханов – Қазақстандағы ғылыми және қоғамдық ойдың негізін салушы» әдеби кешінің сценарийін ұсынды.
Оқушылардың мәдени, сөйлеу және коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін материал әртүрлі үлгідегі оқу орындарының тіл мұғалімдеріне арналған. Әдеби кешті орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілінде оқытатын топтарда (сыныптарда) өткізе алады.
Әдістемелік әзірлеменің авторы айтқандай, материал орыс тіліндегі мәтіндердің мазмұнын да, автордың негізгі идеясын да, осы идеяны білдіретін бейнелерді де дұрыс түсіне алатын зейінді оқырманға арналған. Ұсынылған Шоқан Уәлиханов туралы замандастарының хаттары мен естеліктері ерекше құнды.
«Отанға деген сүйіспеншілік, өз халқының тарихын, Қазақстанның мәдени ескерткіштерін, еліміздің тарихи тұлғаларын білу – патриоттық тәрбиенің негізі», - дейді Галина Николаевна.
Галина Николаевна «Көптілді және көпмәдениетті білім беру бағдарламасы аясында сыныптан тыс жұмыстарды әдістемелік әзірлеу» номинациясымен марапатталды.
Құттықтаймыз!