ПМПУ СТУДЕНТТЕРІНЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛДЫ
13.02.2020
Бүгін ПМПУ студенттерімен «Коронавирус: Адам патологиясындағы рөлі» тақырыбында жиын өтті. Жиын барысында тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мақсат Сейткенұлы студенттер қауымына коронавирустың алдын алу шараларын түсіндіріп, назарларына презентация ұсынды. Оған қоса аталмыш презентацияны университетіміздің дәрігері Канкина Қарлығаш Рахимгалиевна жалғастырып, «Коронавирус атауының қайдан шыққанын, оның алдын алу үшін не істеу керек екендігін, алғашқы белгілерін атап көрсетті. Сөз соңында жастарға жеке бас гигиенасына баса назар аудару керектігі айтылып, анықтамалық парақшалар таратылды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі
департаментінің корреспонденті
Бәкіжан Кәкім