Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ СТУДЕНТТЕРІ ҚУАНЫШТАРЫН ЖЕТКІЗУДЕ

22.01.2020

 

ПМПУ студентері мен магистранттары, сондай-ақ докторанттары жаңа жылдан кейін 25 процентке көбейген стипендияны алғаш рет алды.

Жастар жылының жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға стипендиялардың 25%-ға өсетіндігін жариялаған еді.

Осылайша, бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақы 20 949 теңгеден 26186 теңгеге, магистрлік бағдарлама бойынша білім алып жатқандар үшін шәкіртақы 53,530 теңгеден 66 913 теңгеге, докторанттардың шәкіртақысы 81998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті.

- Бұл бәріміз үшін өте жақсы жаңалық. Шәкіртақы орта есеппен 5-6 мың теңгеге өсті. Студенттер үшін бұл айтарлықтай жәрдемақы. Сонымен қатар, жақын аралықта ғылыми іс-шараларды қаржыландыру көлемінің ұлғаюы күтілуде. Бұл біздің студенттер үшін тағы бір жағымды жаңалық, өйткені оларда оқу мен жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктері болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жастар жылы» аясында осындай маңызды шешім қабылдағаны үшін алғыс айтамыз », - деп ПМПУ студенттері өз әсерлерімен бөлісті.

Айта кету керек, колледж студенттері де қаңтар айынан бастап  16 мыңның орнына 20 948 теңге шәкіртақы алатын болады.