ПМПУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТЕРЕҢКӨЛ ЖӘНЕ АҚТОҒАЙ АУДАНДАРЫНДАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
27.11.2019
Мамандық бағдарлау жұмыстары аясында ПМПУ және колледж оқытушылары Тереңкөл мен Ақтоғай аудандарындағы мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Кездесу шарасы әуелі оқушыларға ПМПУ-дағы студенттік өмір туралы бейнефильм көрсетуден басталды. Артынша өнер және спорт жоғары мектебінің вице деканы Әуешов.А.Е ПМПУ-дағы бакалавриат пен колледждің қазіргі бағдарламалары туралы толымды ақпарат берді. Мұғалімдер балаларға жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы мағлұматтармен бөлісті. ҰБТ-ның негізгі пәндерінің бірі ретінде физика пәнін таңдаған түлектер үшін жаратылыстану жоғарғы мектебінің оқытушысы Закутаев А.Н. аталмыш пән бойынша күрделі тапсырмаларды шешу жолдарын айтты.
Сондай-ақ, оқытушылар ПМПУ-да білім алудың жастардың болашағына беретін мүмкіндіктері мен университет түлектерінің жетістіктері туралы айтты. Тереңкөл ауылдық мектебінде біздің университеттің түлегі, ПМПУ студенттік үкіметтің бұрынғы президенті Рүстам Бейсеновпен кездесу сәті де тамаша өтті.
Кездесу соңында балаларға келесі кездесуде өздерін толғандырған сұрақтарды толығымен қамту үшін мамандық таңдауда шешім қабылдауға көмектесетін сауалнамаларды толтыру ұсынылды.
Университетке дейінгі және мансаптық бағдарлау бөлімінің бастығы Н.С. Нұрмағамбетова
Аударған: Жанасыл Серікбол