Перейти к содержимому страницы.

ПМПУ-ДА АҚБАЛЫҚ ХАЗІРЕТТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

06.12.2019

/>Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде дін қайраткері, ғұлама Ақбалық хазіреттің өмірі мен тарихи қызметіне арналған конференция өтті. Шараға ПМПУ ректоры, профессор Алтынбек Нухұлы, Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов және де өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Ақбалық хазірет 1833-1918 жылдар аралығында Ертіс-Баян өңірінің Май ауданында өмір сүрген. Асан шақырып қойған аты – Әбділда. Бұқарадағы атақты Көкілташ медресенінде 12 пәнді үздік оқып, 44 жасында хазірет атанған Әбділдә Бытыұлы халықтың рухани көсемі бола отырып, шипагерлік істермен де айналысқан. Ол өзінің білімге деген құштарлығымен, қағілездігімен ерекшеленіп, сирек кітаптарды оқуға рұқсат алған. Белгілі ағартушы, мемлекет және қоғам қайраткері, Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны Мұса Шорманұлы Ақбалық хазіреттің қасиетін жоғары бағалап, жиен қарындасын қалың малсыз ұзатқан. Ақбалық хазірет пен Мұса Шорманұлы арасындағы сыйластық қарым-қатынас Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» кітабында толық баяндалған. Хазірет алған білімі халыққа арнап, өзінің ізін жалғастыратын әйгілі молдаларды да ел ішінен тәрбиелеп өсірген. Алайда өмір сүрген дәуірі отаршылық дәуірге тап келіп, қиыр шығысқа жер аударылған. Тәуелсіздік алған тұста хазірет есімі қайта оралып, асына кесене тұрғызылды. Зерттеу кітаптары жарық көруде. Конференция қонақтары Ақбалық хазірет сияқты тарихи тұлғалардың өмірін зерттеу – халықтың рухани жаңғыруы жолында берері мол екендігін атап өтті. Университет ректоры Алтынбек Нухұлы ПМПУ қабырғасында іске асып жатқан «Ертіс-Баян өңірінің тарихи 100 тұлғалары» жобасы аясында Ақбалық Хазірет жайлы фильм жасайтындығын жеткізді.

 

 

dfgh

 

etsgdf

 

drftgyh

 

werty

 

dfghj

 

sdfgh

 

wertyui