ПМПУ БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
21.01.2020
2020 ж. 21 қантарда «Педагогикалық шеберлік орталығының» Павлодар қаласындағы филиалы базасында Павлодар педагогикалық университетінің Гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің бітіруші курс студенттеріне арналған «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында тренинг өткізілді. Аталған іс-шара екі ұйымның өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумы аясында ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты – болашақ педагогикалық іс-әрекетіне дайындау аясында сабақты тиімді жоспарлаудың қажетті дағдыларын анықтау және қолдану. Тренерлер Айдарханова Ирина мен Ныгметова Бибигуль студенттермен жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін қарастырып, оқу үдерісін басқару дағдыларын, атап айтқанда саралап оқыту тәсілі мен мәселелеге бағытталған оқыту туралы талқылау жүргізді. Тәжірибелік тапсырмалар негізінде студенттер бірлескен жұмыстың, ақпаратпен жұмыс жасаудың, сыни тұрғыдан және жүйелі ойлаудың дағдыларын қолданды. Жұмыс барысында тренер тарапынан қысқа мерзімді жоспарын жасауда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұсыныстар берілді. Тренингтар соңында студенттер мектептегі педагогикалық тәжірибенің алдында осындай іс-шараның өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, оң баға берді.