«ПМПУ БІРЕГЕЙ КҮНІ»
26.02.2020
Ақпанның 17 мен 24-і аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті қалалық білім беру бөлімімен бірлесіп, жастарға педагогикалық мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру мақсатымен 600-дан астамы оқушылармен кездесті. «ПМПУ бірегей күні» Павлодар қ. 25-ші мектебінде салтанатты рәсіммен аяқталды. Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Е.Игнатова сахна төрінде ПМПУ пән олимпиадасының жеңімпазы Данкина Алиманы ректор гранты туралы күәлігімен марапаттады. Кездесу барысы секциялар түрінде өткізілді. Олар: робототехника, виртуалды саяхат, брэйринг, спорттық, музыкалық бағытта. Оқушылар барлығына қатысып, тамаша әсер алды.