Перейти к содержимому страницы.

ПЕДКОЛЛЕДЖ ТҮЛЕКТЕРІ УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

08.04.2026

Кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Тарих» білім беру бағдарламасының оқытушылары Г.Ж. Құрманғазина мен Г.М. Тохметова, сондай-ақ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Г.М. Мұсанова студенттерге ҰБТ-ға дайындық, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу ерекшеліктері және университетте білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Түлектер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды тұстарды нақтылап, пайдалы кеңестер алды.