Перейти к содержимому страницы.

"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК" КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

25.11.2022

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті оқытушылары арасында өткен «Педагогикалық шеберлік» байқауы аяқталып, жеңімпаздары марапатталды. 25 қараша күні байқаудың финалдық кезеңі өтіп, қатысушылар өздерінің жан-жақты өнерлерін көрсетті.

Байқау университеттің 60 жылдық мерейтойына орай өтті.

Байқауға барлығы 6 оқытушы қатысуға өтінім берген. Олар: Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы Б.Д.Нығметова, Г.М.Тохметова, Н.Х.Ахтаева, өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы  С. Т. Иксатова, И.Г. Дәулетова, педагогика жоғары мектебінен  А.Б.Рахымжанова.

Соңғы кезеңнің бірінші тапсырмасы «Университеттің имиджін қалыптасьырудағы менің рөлім» деп аталады. Онда қатысушылар университетке қосқан үлесі туралы айтты. Сондай-ақ, қатысушылар шығармашылық мүмкіндіктері, үй тапсырма,  және сұрақ жауап бөлімдерінде берілген тапсырмаларын орындады.

Байқау қорытындысы бойынша көп жылдық тәжірибесі бар ұстаз  Нағима Ахтаева 1 орынды жеңіп алды. 2 орын Арай Рахымжановаға бұйырды. Ал 3 орынды  Бибігүл Нығметова қанжығалады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық берілді.  Ал байқауға белсенді қатысқан барлық қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

- Байқауға қатысушылар бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде өздерінің жетістіктер портфолиосын жинап ұсынды. Екінші кезеңде ашық сабақ өткізді. Оған қазылар алқасы да қатысып, сабақ өту шеберліктеріне баға берді. Ал үшінші кезеңде ұстазлар әртүрлі қабылеттерін көрсетуде. Барлық қазылар алқасына және ұйымдастыру комитетіне алғыс білдіреміз. Білім беру сапасын көтеру мақсатында осы конкурсты жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз,-дейді академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Әлия Жакиенова.